Мобильді аударымдар - кімдер бақылауға алынады? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мобильді аударымдар - кімдер бақылауға алынады?

Мобильді аударымдар - кімдер бақылауға алынады?

1 қаңтардан бастап, ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады.

  • 15 Мамыр
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтарды мобильді төлемдер мен аударымдарды бақылауға алатыны алаңдатып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, қазір кейбір кәсіпкерлер банктерде ашылған жеке шотына сатылған тауар, көрсетілген қызмет үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Яғни бақылау-касса машиналары (БКМ) мен POS-терминалдарды қолданбайды, тиісінше клиентке чек бермейді.

Салық органдары бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заңбұзушылық екенін еске салды. Ал егер заңбұзушылық қайталанса, салық төлеушінің субъектілігіне байланысты 15-тен (51 750 теңге) 50 АЕК-ке (172 500 теңге) дейін айыппұл салынады.

Кімдер бақылауға алынады?

Қазақстан Конституциясына сәйкес салық төлеу – әркімнің міндеті. Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді. 2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді береді. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады.

Бақылау-касса машиналарын қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалдарымен біріктіру бойынша қанатқақты жоба жүргізіліп жатыр. Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді. Аталған жобаға қатысып жатқан банктер – «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Сонымен қатар БКМ чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы да қолға алынды. Анықталған бұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейді және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Яғни жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады.

Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар туралы ақпаратты ұсыну кезеңдерін еске салады: 

— 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік қызметшілерге, оларға теңестірілген тұлғаларға және олардың жұбайларына (2022 жылдың қорытындысы бойынша);

— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне және олардың жұбайларына (2023 жылдың қорытындысы бойынша);

— 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары үшін (2024 жылдың қорытындысы бойынша);

— 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі үшін (2025 жылдың қорытындысы бойынша).