Жарияланды: 590

Молдова президенті Владимир Воронин Қазақстанға ресми сапармен келеді

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Молдова президенті Владимир Воронин Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі. "Сапар қарашаның 25-26-сына белгіленген",- деді Е.Ашықбаев. В. Ворониннің елімізге сапары кезінде Қазақстан мен Молдованың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ көкейкесті аймақтық және халықаралық мәселелер, халықаралық ұйымдар атап айтқанда, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД аясындағы ынтымақтастық жайы талқыланатын болады. "Өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу жалғасады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Молдова арасындағы әртүрлі салалардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда", деді Е. Ашықбаев. Сондай-ақ, оның айтуынша, қарашаның 28-інде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енча Қазақстанға сапармен келеді. Сапар барысында ол еліміздің басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, аталмыш орталықтың Орталық Азия өңіріндегі жұмысына қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылайтын болады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін