Жарияланды: 380

Монако князі ІІ Альбер «Haileybury Almaty» мектебінде болды

Қазақстанда сапармен жүрген Монако князі ІІ Альбер Алматыдағы «Haileybury Almaty» мектебінде болды.

Мектеп отандық бизнесмендердің қайырымдылық қаражатына салынған және оның Қазақстанда жұмыс істегеніне 5 жыл болды. Бұл мектеп 150 жыл бойы Ұлыбританиядағы жетекші білім ордаларының бірі болып табылатын атақты Хэйлибэри жекеменшік мектебінің моделі бойынша жұмыс істейді. Мектептің оқу бағдарламасында дәстүрлі түрде оқушылардың мәдени ағарту мәселесіне және салауатты өмір салтына қатты көңіл бөлінеді. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары мәртебелі меймандарға өз өнерлерін көрсетті. Қонақтар жүзу және регбимен айналысатын оқушылардың жақсы шыныққанын атап өтіп, «Питер Пэн» мектептік театр қойылымының үзіндісін тамашалады, дизайн-технологиясы мен арт сабақтарына қатысты. II Альбер француз киноклубына мүше оқушылармен бірге көркем фильм үзіндісін қарап, мектеп хорымен бірге ән орындап шықты. «Сіздермен бірге уақыт өткізгеніме қуаныштымын, бұл әдемі елде керемет балалар тұрады екен», - деді Монаконың басқарушы князі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін