Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингін көтерді және болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингін көтерді және болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті

Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингін көтерді және болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» өзгертті

Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингімен жалпы болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» жоғарылатты. Moody’s сондай-ақ депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингін ұлттық өлшем бойынша A2.kz -ден A1.kz-ге көтерді.

  • 6 Қараша 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:

«Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің болжамды «позитивтіге» және ұлттық өлшем бойынша депозиттер рейтингін өзгерту туралы шешімі Kaspi-дің жоғары деңгейдегі тұрақтылығын тағы да растады. Біздің табысымыздың негізінде қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған Kaspi.kz суперқосымшасы тұр. Мобильді қосымшамыздың көмегімен біз сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін инновациялық онлайн қызметтерді дамытып, сол арқылы Қазақстанның цифрлы трансформациясын жеделдетудеміз».

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz
миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Біздің инновациямыздың негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 8 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді супер қосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады. Kaspi.kz-тің 10 000 қызметкерінің әр қайсысы күн сайын біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновацияларымызбен таңқалдыру үшін бар күшін салады.

Соңғы жаңалықтар