Жарияланды: 450

Мүгедек жандардың денсаулығын сақтау саласында түйінді мәселелер көп

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын сақтау саласында қордаланып қалған проблемалар баршылық.

Бүгін «Мүгедек әйелдердің денсаулығын қорғау: тәжірибе, проблемалар және шешу жолдары» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бас сарапшысы Гаухар Нұрахметова осы мәселені көтерді. Оның хабарлауынша, қазіргі кезде мүгедектерді медициналық-әлеуметтік жағынан қолдау жүйесін жетілдіру негізгі мәселелердің бірі болып саналады. «Әсіресе, репродуктивті денсаулық бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың басым бөлігі оның мән-маңызын дұрыс түсінбей жатады. Сондықтан мүгедек азаматтарға медициналық көмектің алғашқы қызметі кезінде жеке-дара жұмыс істеудің маңызы зор деп ойлаймын», - дейді Г.Нұрахметова. Бұдан басқа, елімізде емдеу-еңбек ету шеберханаларының жүйесі қалыптаспаған. Мүгедек жандардың көбісі жұмысқа тұра алмай жүреді. Сол себепті осы санаттағы Қазақстан азаматтарының қоғамға толыққанды ықпалдасуын барынша қамтамасыз ету қажет. Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстанда 570 мыңнан астам мүгедек жан тіркелген. Олардың үштен бір бөлігінің жұмыс істеуге қабілеті бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін