Мұғалімін балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұғалімін балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Мұғалімін балағаттаған оқушының ата-анасына айыппұл салынды

БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мұғалімін балағаттаған Б. деген оқушының ата-анасына 13874 теңге айыппұл «арқалатты».

  • 12 Наурыз 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz


БҚО сотының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қаласындағы мектептердің бірінде Б. есімді оқушы мұғалім Д-ның сабағында құлаққап киіп, музыка тыңдап отырған. Сонымен қатар Б. сабаққа дайындықсыз, ешбір оқу құралдарынсыз келген.

Мұғалімнің ескертуіне құлақ аспай, дөрекілік танытып, балағат сөз айтқан. Тәртіпсіз оқушыға шара қолдану үшін мұғалім полиция бөлімшесіне жүгінуге мәжбүр болып, оның заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттама рәсімделген. Мұғалімнің полиция бөлімшесіне жүгінгеніне қарамастан, сотта істің қаралуына дейін  не оқушы, не оның ата-анасы болған жайтқа қатысты кешірім сұрамаған.