Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлау штабын басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлау штабын басқаратын болды

Мұхтар Құл-Мұхаммед Назарбаевтың сайлау штабын басқаратын болды

Мұхтар Құл-Мұхаммед ұзақ уақыт жұмыссыз отырған жоқ. Өткен аптада ғана  президент кеңесшісі қызметінен босатылған ол енді Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабын басқаратын болды. Мұхтар Абрарұлы үгіт-насихат жұмысына кірісуге тас-түйін дайын отыр.

  • 14 Наурыз 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

Мұхтар Құл-Мұхаммед:

-Біздің бірінші мақсатымыз  — өз кандитамызды қолдау жөнінде қол жинау. Ол жұмыс басталып та кетті. Оны біз өте қысқа мерзім ішінде аяқтайтын боламыз.

Кезінде министр, мемлекеттік хатшы, әкім, президенттің баспасөз хатшысы болған Құл-Мұхаммедтің Назарбаевтың насихатына таңдалуы бекер емес.

Ал штаб құрамына «Нұр Отаннан» өзге  сайлауға қатысудан  бас тартқан «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», «Патриоттар»  партиясы кіреді. Сөйтіп аяқ астынан шешімін өзгерткен олар билік партиясымен күш біріктіріп отыр. Сондай-ақ, Елбасының жақтаушыларынан  тұратын   штаб  облыс, қала, аудандарда да құрылды. Енді оның мүшелері  ауыл-аймақ, әрбір кәсіпорын, ірі-ірі мекемелер мен ұйымдарды аралап, қол жинамақ. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясына президент болуға үміттеніп, өтініш бергендердің саны жиырмадан асып кетті. Бүгін 23-ші болып эколог Мэлс Елеусізов құжат тапсырды. 26 сәуірге белгіленген кезектен тыс сайлауға бюджеттен 5 миллиард 500 миллион теңге қаржы жұмсалмақ.