Сөзінше, бүгінде ол балаларының әкесімен мүлдем араласпайды, деп жазады Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Балаларының әкесін сұраған жандарға Сиви:
"Білмедім, мүлдем араласпаймыз, сөйлеспегелі өте көп болды, шыны керек. Кеткен адам өміріңнен түбегейлі кету керек. Басында кездесіп, сөйлесіп тұратынбыз. Бірақ ол дұрыс емес екенін түсіндім", — деп жауап берді.
Сондай-ақ, өнер иесі отбасын өз еркімен бұзғанын атап өтті.
"Мені ешкім тастап кеткен жоқ. Өзімнің қалауым болды", — деді ол.
Желі қолданушылары екеуінің ажырасуына қызғаныш себеп болды деп болжады. Осы ретте Махмуди болашақ жұбайының қызғаншақ болғанын қаламайтынын жеткізді.
"Өткен шақты қайтеміз қозғап. Болашақ жолдасымның қызғаншақ болғанын қаламаймын", — деді ол.