Мұрат Қожаның экс-келіншегі: "Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да..., қайда жүрсең де...," - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұрат Қожаның экс-келіншегі: "Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да..., қайда жүрсең де...,"

Мұрат Қожаның экс-келіншегі: "Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да..., қайда жүрсең де...,"

Келесі апта Хабар арнасынан көрерменге жол тартатын "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында қызықтың көкесі болмақ.

  • 5 Ақпан 2020
  • 274
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Бұл жұлдызды додаға Нұрлан мен Мұрат та қатысты. Ең қызығы бұл топты байқауға шақырған Мұрат Қожаның бұрынғы жары Айман Нұразхан.  Ол бұл оқиғаның қалай болғанын өз инстаграм парақшасында жариялады. 

"Эх, Экс, Сен қандай едің…? Кешелі бері сол ой мені мазалауда… "Жарқыраған жұлдыз, жаулап алған от едің, жанып тұрған шоқ" едің!
"Жұлдызды жекпе-жектің" іріктеуі басталған сәттен-ақ, мен "Нұр&Мұрды" ұсынып едім. Қалай болғанда да маған бөтен адам емес қой деп. Сонда жобаның бас продюсері @gulnur_mamasaripova Гүлекең жалт қарап: "ты уверена?" дегенде, әрине деп бір жымидым. Көрейік ,мүмкіндік берейік ,20 жылдық тарихы бар топ қой. Кезінде топтардың ішінде нөмір бірі болып, Мәскеудің телеарнасынан шыққан алғашқы әншілер еді. Тв-ны қоссаң да, радионы ашсаң да тек "Нұр&Мұрдың" хиттері шырқалғаны бәрімізге аян. Ол шындық-ақиқат! Модератор @m_besbaev Мәкең де: "ой, Айман, сен де ескілерді еске алып"деп, өзінің профессианалдық тұрғыда көз қарасын білдіріп қолдағанына үлкен рахмет! Гүлеке Сізге тағы да рахмет, жігіттерге шанс беріп олардың қайтадан өнерлеріне бір серпіліс бергендеріңізге! Ал мен сол күні бір түрлі қыз болып жүрдім. Ішім алай-дүлей, кәдіміскүдей тақымымды қысып, уайымдағанымды жасыра алмаймын! Әйтеуір формадан кетсе де, көзден кетсе де жартылай финалға ілінгеніне не қуанарымды ,не әттегенайымды айта алмадым! Қалай болғанда да әдемі болып, жарқырап жүргендерін қалайды екенмін! Көп нәрсеге көзімді жұмғанннан дәл сол күні жүгіріп жүріп, шұңқырға қалай түсіп кеткенімді де түсінбей қалдым! Жаралы жүрек одан сайын сыздап, өзімді қоярға жер таппай қиналып қалдым. Бірақ бұл жұмыс болғаннан соң, ішімдегі жан айқайымды көрсетпеуім қажет екенін де білемін! Қой, шо то эмоцияға берілмей тұрғанымда "Нұр&Мұрға" сәттілік тілейін! Алдағы уақытта Хабар арнасынан көріп ,өз бағаларыңды беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Біздің өмір әлі алдымызда, қайда болсаң да…, қайда жүрсең де…, жұлдызым болып, жарқырап жүрші, тек аман!" — деген жазбасын қалдырды. 

"Мына жазбаңызды оқып, бір жылап алдым", "Не деген кең жүректі едіңіз" "Жарайсыз"- деген пікірлер қарша борады
.

Сонымен қатар Мұраттың альбомдағы ескі суреттерін жариялады.

Айта кетейік, "Жұлдызды жекпе-жек" байқауының бұрынғыларынан ерекшелігі енді дәстүрлі әншілер мен топтар да өзара сынға түскені.

Соңғы жаңалықтар