"Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады

"Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады

Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) нокаутқа түсіретін бірінші боксшы бола алады. BoxingScene.com порталына берген сұхбатында мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран осындай пікір білдірді. 

  • 27 Мамыр 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Бұл бір тамаша жекпе-жек болатынын сезіп тұрмын. Хайменің оны бірінші болып нокаутқа түсіре алатын тамаша мүмкіндігі бар. GGG-мен рингке шыққан керемет болатын еді. Мықты айқас болары сөзсіз", — дейді промоутер. 

Қаңтарда өткен кейінгі жекпе-жегінде Мунгия 11-ші ранудта ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-4-0, 21 KO) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы бірінші кездесуін жеңіспен бастады.

Еске салайық, мұның алдында мексикалық боксшы қазақстандық Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келісі қарсыласы болуы мүмкін екені айтылған. 

Соңғы жаңалықтар