«Намыс болу керек қой кішкене»: Танымал журналист сайлаудан соң суретке түсіп, басшылыққа есеп беретін бюджеттік сала қызметкерлерін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Намыс болу керек қой кішкене»: Танымал журналист сайлаудан соң суретке түсіп, басшылыққа есеп беретін бюджеттік сала қызметкерлерін сынға алды

«Намыс болу керек қой кішкене»: Танымал журналист сайлаудан соң суретке түсіп, басшылыққа есеп беретін бюджеттік сала қызметкерлерін сынға алды

Танымал журналист Руслан Абдыманапов сайлаудан соң басшылыққа суретке түсіп, есеп жіберетін бюджеттік сала қызметкерлерін сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 20 Наурыз 2023
  • 138
Фото - Caravan.kz

Белгілі журналистің жанайқайы өзінің желідегі парақшасында пайда болды.

«Ардақты ағайын, мына нәрсені қою керек қой? Сайлау учаскесіне келіп есеп беру! Сіз кімге есеп бересіз? Әсіресе әскери қызметкерлер, полицейлер, бюджеттік сала қызметкерлері, мұғалімдері бар? Келген бойда дауыс беріп шыққан соң, суретке түсіп, отчет деп жүгіріп жүреді. Неліктен жүгіреді, өйткені ол кісілердің басшылығына тапсырма түскен.

Бәлен депутатқа немесе бәлен партияға дауыс бересің, сосын есебіңді жібересің деп. Міне соны орындап жатыр. Ал ол кісілердің басшылығына жоғары жақтан тапсырма түскен. Ұят емес пе? Мен дауыс беретін болсам, кімге есеп беремін? Менің бастығым оны талап етпейді, беремін бе, бермеймін бе? Кімді таңдаймын, менің жеке құқығым. Сіздерде де сондай болу керек қой? Ұялыңыздар. Біреудің тапсырмасын орындаудың қаншалықты қажеті бар? Намыс болу керек қой кішкене? », — деді ол.

Желі қолданушылары тілшінің пікірімен келісетіндіктерін жазған.


«Дұрыс айтасыз», «Өмірі сол ғой?», «Ес білгелі осындай жүйе, бұдан қашан арылады екенбіз?», «Әркімнің өзіне байланысты шығар, өз басым өмірі есеп беріп көрмеппін» деп жазды олар.

Соңғы жаңалықтар