Наркенже Серікбаева қызының тұсауын кесіп, дүркіретіп той жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наркенже Серікбаева қызының тұсауын кесіп, дүркіретіп той жасады

Наркенже Серікбаева қызының тұсауын кесіп, дүркіретіп той жасады

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева қырыққа таяғанда көрген Хадия есімді қызының тұсауын кесіп, дүркіретіп той жасады.

  • 16 Ақпан 2023
  • 227
Фото - Caravan.kz

Тойдың қызықты сәттерімен Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Шымкентте, зәулім салтанат сарайында өткен тойға Айнұр Тұрсынбаева, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер, Ақбота Керімбекова сияқты бірқатар өнердегі әріптестері қонақ болып келді.

"Айта жүретін той болды", "Супер той болды", "Ерекше басталып керемет деңгейде өтті" деп тойға келген жұрт әлеуметтік желіге жарыса жазып жатты.

Наркенже Серікбаева "О махаббат білмеймін баянды ма? Орта жолда өзіңмен жолықтырған" деп күйеуіне ән арнаған. Экраннан отбасылық хикаялары түсірілген шағын бейнебаян да көрсетілді.

Сондай-ақ тойда анасының жолын қуған Жансая Серікбаева әнін орындап Наркенже Серікбаева көзіне жас алып қалды.


Соңғы жаңалықтар