"Наурызда Алматыда тасқын болуы мүмкін" - Синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Наурызда Алматыда тасқын болуы мүмкін" - Синоптиктер

"Наурызда Алматыда тасқын болуы мүмкін" - Синоптиктер

Синоптиктердің наурыз айына жасаған болжамы Алматыдағы төтенше жағдай қызметінің мамандарын қатты алаңдатып отыр. Олар тасқынның алдын алуға техника сайлап, қазірден бастап қамдануға кіріскен.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

  • 22 Ақпан 2019
  • 41
Фото - Caravan.kz

Өйткені қалада қызыл су басуы мүмкін 12 аумақ бар. Олар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандарында. Екі жыл бұрын тасқынға тосқын болу үшін қала қазынасынан 12 млрд 700 миллион теңге бөлініпті. Бұл қыруар қаржы төтеншеліктер үшін жеткіліксіз болған көрінеді. Алып шаһарда арық жүйесі әлі де жүргізілмеген аудандар бар екенін мамандар мойындап отыр. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтырып, тасқынның алдын алуға тас түйін дайын боламыз дейді құтқарушылар. Биыл тау жақта қар жылдағыдан көп түскен. Сондықтан таулы аймақтарда көшкін жүруі де ықтимал.

Ерлан Әлібеков, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:


— Таулы аймақтарда қардың биіктігі 46-86 см құрайды. Қатқан жердің қалыңдығы 20 см. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың салдарын жоюға Алматы әкімдігі резервінде 5 млрд теңге қарастырылды. Ай соңында қаланың сегіз ауданын қоқыстан тазарту және өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. 

Соңғы жаңалықтар