Бұл – еліміздегі балаларға арналған емдік сүт өнімдерін даярлауды қолға алған жалғыз кәсіпорын. Жаңа өнім алдағы сәуір айында сатыла бастамақ. 175 адам жұмыс істейтін зауытта президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін бизнесмендерді жинап, Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Астана негізгі тұтынушы. Бұған қуанбайсыңдар ма? Сататын жер бар ғой. Қарап тұрсам былтыр сүттің сатылымы 10 пайызға, ет 14 пайызға өскен. Мұнымен тоқтауға болмайды. Астанада адам саны миллионға жетіп қалды. Бұл сұраныс көбейеді деген сөз. Сатыңдар, табыс табыңдар.
Назарбаевқа көрсетілген келесі нысан — Көкшетаудағы жүк көліктерін шығаратын зауыт. 2005 жылдан бері кәсіпорын 4 мыңнан аса машинаны құрастырып шығарған. Елбасы соңғы жылдары арнайы техника шығаруға да машықтанған осы кәсіпорынның бүгінгі жетістіктерімен танысты. Ал Қазақстан Халықы ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған алғашқы форумда 5 мың адам Елбасын тік тұрып қарсы алды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Осы кезге дейін біз үлкен белестерге қол жеткіземіз деп жұмыс істедік. Көп нәрсені тындырдық.Мемлекетімізді аяғынан тік тұрғыздық. Халқымыздың жағдайын түзедік.Қазақстанды дүние жүзіне паш еттік.Бұл біздің «Мәңгілік елге» аяқ басқан «Нұрлы жол» жоспарын толық орындау жолына түскеніміз болып саналады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлауға түсетініне қатты қуандық деген ассамблея мүшелері ән де шырқап жіберді.
-Осыдан дәл 20 жыл бұрын Алматыда сіз біздің өнерімізді тамашалап болған соң домбыраны алып тамылжытып ән айтқан едіңіз.
-Қандай ән деп сұрадыңыз.Мен білмейтінімді айттым. Сонда сіз арқамнан қағып,бұл халық әні «Бұлбұлым». Есіңде болсын ұмыт болып қалған халық әндері мен композиторларын қайта жаңғыртып әлемге таныту сендердің міндеттерің деп едіңіз. Әлі есімде.