Қазақстан 2016 жылы жоғарғы басшылар деңгейінде БҰҰ халықаралық конференциясын өткізуді ұсынады. Ол халықаралық құқық қағидаларын бекітіп, мемлекеттер арасындағы сенімді қалпына келтіруге бағытталуы тиіс, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Халықаралық қауіпсіздіктің тиімді, жаңа жүйесін құру қажет. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіндегі, қақтығыстарды реттеудегі рөлін арттыру керек. Халықаралық негізгі құқықтарды сақтай отырып, БҰҰ жарғысын жаңғырту қажеттігі туындап отыр», — деді Н.Назарбаев сәрсенбі күні Астанада Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдерімен болған кездесуде.