Назарбаев экономикаға қосымша 20 миллиард доллар құйылатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев экономикаға қосымша  20 миллиард доллар құйылатынын айтты

Назарбаев экономикаға қосымша 20 миллиард доллар құйылатынын айтты

Әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуіне  байланысты Астана дереу сақтық шараларын қабылдай бастады. Яғни, дағдарыс жағдайында экономиканы құлдыратып алмау үшін миллиардтап қаржы бөліп жатыр.

  • 21 Қараша 2014
  • 172
Фото - Caravan.kz

Батыс пен Ресей арасындағы «санкция соғысы» ғаламдық экономиканың дамуын тежеп тастады. Тіпті мұнай бағасының арзандауы – қара алтыннан түскен пайдамен бюджетін жауып отырған Қазақстан секілді елдер үшін үлкен соққы. Геосаяси жағдайдың ушыққанына қарамастан ресми Астана Еуропалық Одақпен байланысын жандандыра бермек. Тіпті бірер ай бұрын жаңа келісімге қол қойған еді. Бірақ Еуразиялық Одақтың мүшесі ретінде басымдықты Ресейге бермек. Ал Ақордаға шақыртылған халықаралық сарапшылар Қазақстан тығырықтан қиналмай шығады деген пікірде. Бұған мемлекет басшысы да сенімді.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қаржылық жүйені әлдендіріп, шағын және орта бизнесті қолдау үшін арнайы бағдарлама жасадық. Бұған қажет қаражат қарастырылған.  Біздің қолға алған ісімізді әлемдік қаржы институттары қолдап отыр. Солармен бірге экономикамызға 20 миллиард доллар құймақпыз. Бұл өз нәтижесін беруі тиіс.