Назарбаев пен Путин екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Путин екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті

Назарбаев пен Путин екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Астанада бүгін екі елдің 2007-2008-жылдарға арналған бірлескен іс-шараларының жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Мамыр 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

Бұл құжатта екі мемлекеттің қысқа мерзімді перспективадағы бірлескен жұмыстарының негізгі параметрлері көрсетілген. «Құжатта екі жақтан атқарылатын жұмыстардың басты бағыттары, жүзеге асыратын мерзімі мен жауапты атқарушылар айқындалған»,- деді Н.Назарбаев Ресей президентімен кездесу барысында.

Жоспарда энергетика, көлік, шекаралық ынтымақтастық, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және игеру, Байқоңыр кешенін пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету шаралары мен әскери-техникалық ынтымақтастық шаралары қамтылған.

Атап айтсақ, жоспарға сәйкес 2007-жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнауының 15 жылдық мерейтойына орай бірлескен шаралар өткізу; 2007-жылдан кейінгі мерзімге арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға әзірлеу және оны жүзеге асыру жоспарын жасау; 2007-жылғы күзде Новосибирскіде екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің шекаралық аймақтары жетекшілерінің форумын дайындап өткізу; 2008-жылы Ресей мен Қазақстанның іскертоп өкілдерінің форумын өткізу межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті