Назарбаев Путинге көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Путинге көңіл айтты

Назарбаев Путинге көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 7 Наурыз 2018
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", — делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Ведомстводағылар ұшаққа оқ атылмағанын айтады. Апаттың неден болғанын анықтау үшін комиссия құрылған. Алдын ала болжам бойынша, ұшақта ақау щыққан, соның салдарынан әуе апатына ұшыраған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан Тәжікстанға 1 гектар жерді жалға бермек

Қанат Ислам бокс кештерін ұйымдастыратын "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты

Алдағы төрт күн демалыста ауа райы қандай болады?

Соңғы жаңалықтар