«Біздің әліпбиімізді латынға көшіру жөніне келер болсақ, бұл жеңіл жұмыс емес. Қазір бұл бірінші кезектегі міндет болып табылмайды және біздің бұл істе асығуымыздың қажеттілігі жоқ», — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Біз өте қырағы болуымыз керек. Оның үстіне, Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады», — деді президент. «Бізге керегі еліміздегі тұрақтылық пен тыныштық», — деді ол.
«Біздің әліпби ауыстыруға қашан дайын боларымыз белгісіз. Бұған уақыт керек», — деп сөзін қорытындылады мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті