Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына өтті

Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына өтті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына өтті.

  • 26 Мамыр 2016
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ол байрақты бәсекенің ақтық сынына жолдама алған алғашқы аруымыз, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалдық жекпе-жекте  Оңтүстік Корея өкілі Йон Гум У-ды жеңді.  Есеп — 3:0 (40:36, 39:37, 39:37).

Шешуші кездесуде Назым америкалық Марлен Эспарзуды жеңген қытайлық Юян Ванмен жұдырықтасады.


Финал ертең, 27 мамырда өтеді.