«Неке қиғызған»: Астанада мешіт имамын пышақтаған ер адамға қатысты ел естімеген тың ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Неке қиғызған»: Астанада мешіт имамын пышақтаған ер адамға қатысты ел естімеген тың ақпарат тарады

«Неке қиғызған»: Астанада мешіт имамын пышақтаған ер адамға қатысты ел естімеген тың ақпарат тарады

Астанада мешіт имамын 13 жерден пышақтаған ер адамға қатысты тың мәлімет шықты.

  • 17 Наурыз 2023
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлайды.

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты мәлімет 716.kz парақшасында пайда болды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ақмола облысының Жібек жолы ауылында сұмдық жайт орын алған еді. Белгілі болғандай, 14 наурыз күні осы ауылдың 1990 жылғы тұрғыны мен 1991 жылғы әйел азаматшасы арасында жанжал туындаған. Сонымен бірге, олардың 13 наурыз күні мұсылманша некелерін қиғызғаны белгілі болды.

Сөйтіп екінші күні ер адам Астанадағы мешіттердің біріне барып, намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтаған.


Қазіргі таңда имамның жағдайы ауыр. Ал күдіктінің әйелі де үйде сірке суын ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Көпшілік сонымен бірге ер адамды өзге дін жолындағы азамат деп жорып отыр. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар