Әкімдік мәліметіне сәйкес, 2014 жылы компания Жуалы ауданында 50 Мвт күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Электр станциясы 2015 жылы пайдалануға берілмек.
Жамбыл облысы бойынша инвестор қалпына келетін қуат көзі саласында алты жобаны жүзеге асырмақ. Әрбір күн электр станциясы 50 Мвт қуаттылықты құрайды.
Жамбыл облысында «жасыл» электр станциялар салуға «»Жамбыл облысындағы 300 Мвт қуаттылықтағы күн энергетикасы» жобасының тұсауын кесу барысында қалпына келетін электр станциясында жұмыс істейтін өзге де шетелдік компаниялар ниет танытты. StrandPartners компаниясының директоры Амин Аджеми, UnitedGreenGroup компаниясының инвестициялар бойынша директоры Альбрехт Фришеншлягер, EcapSolution басқарушы директоры Маркус Хайс және қазақстандық компаниялардың өкілдері жобаның тұсаукесеріне қатысқан Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевпен кездесіп, «жасыл» энергетика мәселелерін талқылады.
«Аймақ басшысы осы кездесу барысында атап көрсеткендей, облыс әкімдігі «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қажетті инфрақұрылымды жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл жобаға «Тараз» СПК» АҚ қатысады, жоба бастамашылары «КЕГОК» АҚ-мен де ынтымақтастық жүргізбек.
Жалпы алғанда, аймақта қуаттылығы 188 МВт құрайтын қалпыа келетін қуат көздерінің құрылысы жүріп жатыр.