Нидерландтық компаниялар ЭКСПО-2017-ге қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нидерландтық компаниялар ЭКСПО-2017-ге қатыспақ

Нидерландтық компаниялар ЭКСПО-2017-ге қатыспақ

Нидерланд корольдігіне жұмыс сапары барысында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің халықаралық комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев аталған көрмеге арналған дөңгелек үстелге қатысты.

  • 10 Наурыз 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

Бұл жиынға Нидерландтың «Shell», «Philips» және «DSM» сынды ірі компаниялары атсалысып, көрмеге қатысу мәселелерін талқылады.

«Біз Нидерланд елі ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушыларының бірі болады деп ойлаймыз. Себебі бұл ел — әлемде баламалы энергия көздерін қолданатын алдыңғы қатардағы елдердің бірі», — деді Рәпіл Жошыбаев журналистермен кездесуінде.

Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталуының өзі Нидерланд елінің бизнесмендерінің қызығушылығын оятқан. Олар астанада өтетін көрмеге өздерінің заманауи озық технологияларын әкелуді көздеп отыр.