Н.Назарбаев: 2 жылдан кейін 17,5 млн қазақстандық шығысымен қатар табысын да декларациялайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев: 2 жылдан кейін 17,5 млн қазақстандық шығысымен қатар табысын да декларациялайды

Н.Назарбаев: 2 жылдан кейін 17,5 млн қазақстандық шығысымен қатар табысын да декларациялайды

2 жылдан кейін 17,5 млн қазақстандық шығысымен қатар табысын да декларациялайды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

  • 11 Наурыз 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

ҚР Президенті өз сөзінде бұл жолғы заңдастыру шетелдік шотта қаржысын сақтаған қазақстандықтар үшін соңғы заңдастыру екендігін ескертті.

«2 жылдан кейін 17,5 млн адам шығысымен қатар табысын да декларациялайтын болады. Сол кезде қиын мәселе туындайды. Өздеріңіз де көріп отырғандай, қыр астына да қазір ештеңе жасыра алмайсың. Таяуда ғана британдық HSBC банкі өздерінде қаржысын сақтаған бүкіл әлемнің 100 мың адамының тізімін жариялады. Қалаған адамыңды табуыңа болады. Ол жақта біздің отанымыз жоқ, ол жақта ешкім де күтіп отырмайды. Бәрі осында», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мүлкі мен қаржысын заңдастырушылар ешқандай жауапкершілікке тартылмайтындығын тағы бір ескертіп өтті.


«Қазақстанға ақшаларыңызды әкеліңіздер, олар жұмыс істесін. Мүмкін біз артық кеткен шығармыз, мүмкін 5 жыл күту керек емес шығар. Мүмкін кейбір тетіктерін, құқық қорғау мәселелерінде жақсарту қажет шығар», — деді ҚР Президенті.