Н.Назарбаев мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінбей өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінбей өтті

Н.Назарбаев мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінбей өтті

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тіл бойынша міндетті емтиханнан өту үшін Орталық сайлау комиссиясына келді.

  • 11 Наурыз 2015
  • 518
Фото - Caravan.kz

"Осы уақытқа дейінгі президенттікке кандидаттар секілді Нұрсұлтан Назарбаев үш сұраққа жауап берді. Біріншісі — "Біздің күшіміз бірлікте", екіншісі — биыл 100 жылдығы тойланып жатқан Ілияс Есенберлиннің шығармашылығы туралы, оның үстіне Қазақ хандығының 550 жылдығы да бар. Үшінші сұрақ — еркін сөйлеу "Бабалар сөзі — даналық сөзі", — деп түсіндірді ҚР ОСК лингвистикалық комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бұл сыннан сүрінбей өтті.

"Артық-кем айтып неғылайын, Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының алдында бүгінге дейін өтпеген сыны жоқ. Осы сыннан да ол кісі ойдағыдай өтті. Біз тіл мамандары ретінде ерекше бағалап отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытынды жасап отырмыз",- деп түйді М.Жолдасбеков.