«Бүгінгі Орталық сайлау комиссиясының отырысына бір сұрақ енгізіліп отыр. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы», — деді отырысты ашқан ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Осыдан кейін қаулы жобасын таныстыру үшін сөз ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешевке берілді.
«Бүгін сіздердің назарларыңызға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмыз. Қаулы бойынша бірінші, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. Екінші, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін. Үшінші, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын», — деді Б.Мелдешев.