Н.Назарбаев Тәжікстандағы Қазақстан елшісін тағайындады
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен Қазақстанның Тәжікстандағы елшісін тағайындады, деп президенттің баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ағыбай Дынкенұлы Смағұлов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген Ақ орданың ресми сайытнда дүйсенбі күні келтірілген хабарда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін