Ноутбуктерге арналған 10 терабайттан астам жады жинақтағыш шығарылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ноутбуктерге арналған 10 терабайттан астам жады жинақтағыш шығарылмақ

Ноутбуктерге арналған 10 терабайттан астам жады жинақтағыш шығарылмақ

 Micron Technology жады өндіруші компаниясы ноутбуктерді 10 Тб астам сыйымдылықпен қамтамасыз ететін флеш-жадыны шығаратындығын жария етті, деп жазады 24.kz.

  • 31 Наурыз 2015
  • 256
Фото - Caravan.kz

Newsru.com сайтының хабарлауынша, бұл жаңа технология Intel компаниясы инженерлерінің қатысуымен жасалған. Оның негізі бір-бірінің үстіне қондырылған көптеген ұяшықтардан тұрады.

Жұмыс барысында мамандар сол әдіспен ұяшықтардың 32 қабатын орналастырған. Сол арқылы олар жинақтағыш құрылғы жадын 32 Гб, содан соң 48 Гб-ға дейін арттырыпты. Ал шығарылуы жоспарланып отырған 10 Тб-лық жады жинақтағыштар небәрі 6 сантиметрлік флеш-дисктермен көлемдес болып келеді екен.  

Сыйымдылығы зор мұндай құрылғылар саудада келер жылдан бастап пайда болады.