"Нұр Отан" фракциясы экономиканы диверсификациялау жөніндегі кеңес құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұр Отан" фракциясы экономиканы диверсификациялау жөніндегі кеңес құрды

"Нұр Отан" фракциясы экономиканы диверсификациялау жөніндегі кеңес құрды

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Нұр Отан" парламенттік партиясының фракциясы өз жанынан экономиканы диверсификациялау жөніндегі кеңесін құрып, жаңа консультативтік-кеңес органының тұсаукесерін жасады.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 1067
Фото - Caravan.kz

«Диверсификациялық кеңес ел экономикасының басты бағыттарында белгіленгін жұмыстарды жасайтына үміттіміз», — деп мәлімдеді тұсаукесер рәсімі кезінде мәжілістің вице-спикері, фракция жетекшісі Бақытжан Жұмагұлов.

«Қазақстан экономикасы бүгінде шикізат секторына көбірек бағытталғандықтан, әлемдік нарықтағы өзгерістерге тәуелді. Мұндай жағдайды өзгерту үшін, экономиканы диверсификациялап, қайта өңдеу өндіріс орындарын дамытып, инновациялық жаңа технологияларды, тауарларды шығаруды қолдау керек», — деді ол.

Экономиканы диверсификациялау кеңесін мәжіліс депутаты Кенжеғали Сағадиев басқарады. Кеңестің құрамына парламент депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың, мемлекеттік холдингтердің және бизнес-қауымдастығының жетекшілері кірді.

Кеңестің міндеті бойынша, ел экономикасында болып жатқан өзгерістерді сараптап, оның диверсификациялық қорытындыларын жасап, «Нұр-Отан» партиясы жетекшісі, мемлекет басшысына экономиканы диверсификациялау бойынша жыл ішінде болған өзгерістер мен оның жетілдіру жолдары туралы ұсыныстары енгізілген жылдық баяндамасын тапсырулары керек. Сонымен бірге, экономиканы диверсификациялаудың негізгі бағыттары көрсетіліп, атқарушы билік органдарының қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар жасалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті