Жарияланды: 390

«Нұр Отан» партиясының жедел желісі іске қосылды

«Нұр Отан» партиясының жедел желісі іске қосылды

7 желтоқсанда халықпен жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының Жедел желісі іске қосылды.

Желінің бірыңғай он бір сандық нөмірі - 8 800 080 4441, деп хабарланған партия сайтында. 

Енді азаматтардың Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қоңырау шалуға мүмкіндігі бар (осы уақытқа дейін облыс орталықтарынан тек 59-78-50 нөміріне тегін хабарласуға болатын еді. Бұл желі 7 желтоқсаннан бастап өшірілді).
Жедел желінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 8-ден 19-ға дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері соғылған қоңыраулар жазылып отырады. Ешбір өтініш қараусыз қалмайды.
Сондай-ақ азаматтар хабарламаларды және Whatsapp мессенджері арқылы сурет пен видеоны + 7 700 800 4441 нөміріне жібере алады.
Азаматтар жедел желімен «Нұр Отан» партиясы мүшесінің Этика кодексін бұзғаны мен заңсыз әрекеттері, оның ішінде мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық заң бұзушылықтары, бюджеттік қаржылардың, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және салалық, өңірлік бағдарламаларға байланысты тиімсіз пайдаланылған деректері бойынша хабарлай алады. Сондай-ақ жеке мәселелері бойынша қабылдауға жазылып, өтініштердің қаралу барысын біліп, кеңес алып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру т.б. бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндіктері бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін