«Сайлаушылардың 88% өз дауыстарын «Нұр Отан» партиясы үшін берді. Бұл мүлдем дау тудырмайтын нәтиже болмақ», — деді президент. «Кез-келген сайлауда жеңімпаздар мен ұтылғандар болады. Бірақ, 18-тамызда, менің пайымдауымша, барлық қазақстандықтар жеңіске жетті», — деді ол.
«Біріншіден, «Нұр Отан» атауымен қазақстандықтар еліміздегі саяси тұрақтылық пен тыныштықпен сабақтастырады. Екіншіден, халық Қазақстанның гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың жырғаулы өмірі үшін нақты жұмыс істеп жатқан партияның әлеуметтік-экономикалық стратегиясы үшін дауыс берді», — деді ол.
Үшіншіден, Н. Назарбаевтың пікірінше, «қазақстандықтар дәл осы «Нұр Отан» елімізде бұған дейін орныққан ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған саясатты дәйектілікпен жүргізеді деп санайды».
«Сайлау нәтижесі еліміздің даму стратегиясының дұрыстығын айқын дәлелдеді, ол 2005-жылғы президент сайлауының нәтижесімен іс жүзінде сәйкес келді, екі жылдан кейін халық біздің бағыт-бағдарымызды қолдайтынын тағы бір дәлелдеді», — деді мемлекет басшысы.
«»Нұр Отан» партиясының жетекшісі ретінде мен қазақстандықтар тарапынан біздің партияға көрсетілген сенім мен қуатты қолдауға жан-тәніммен марқайып қалдым», — деді Н. Назарбаев. «Ендігі жерде парламенттің төменгі палатасының отырыстарын өткізіп, үкіметті жасақтайтын «Нұр Отан» партиясына ауқымды жауапкершілік жүктеліп, іс жүзінде заңнамалық қамтамасыздық үшін жауап беретін болады», — деді ол.