Жарияланды: 260

Нұрдәулет Шертім басшылық қызметке тағайындалды

Нұрдәулет Шертім басшылық қызметке тағайындалды Сурет - Ашық дереккөздерден

 

"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. 

"Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іспен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді ол.

"Казахи" көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. 

Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеуметтік желіде құттықтады. 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін