Тіпті ширақ қимылдаған шенеуніктер Наурыз мейрамына қарсы Астана, Алматы, Көкшетау, Семей мен Қостанайда 1357 пәтердің кілтін табыстамақ. Құрылыстың ұзаққа созылмауы бекер емес. Себебі бұл іске жауапты «Бәйтерек» ұлттық холдингі құрылыс компанияларынан дайын тұрған үйлерді сатып алған. Осындай әдіспен жыл соңына дейін барлық өңірде баспана үлестіріле бермек. Тек «Нұрлы жол» бағдарламасының шарапатын барлық адам көре алмайды. Үкіметтің арзан пәтеріне әкімдік кезегінде тұрғандар ғана дәмелене алады. Ал жалдамалы үйдің ай сайынғы төлемі оның шаршы метріне байланысты. Ол шамамен 50 теңгеден сәл асады.
Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Басқарма төрағасы:
-Ешкімнің несие тарихын тексеріп қарап жатпаймыз. Төлем қабілетін растай алса жетіп жатыр. Өйткені «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша берілетін үйлердің бағасы нарықтағыдан екі есе арзан. Сондықтан несиеге байланысты шектеу қойғымыз келмейді.