Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына келді

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына келді

 Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары жоспарланған.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz


Сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңірде қызу жүргізіліп жатқан күзгі егін орағы науқанымен танысып, сондай-ақ,  Зеренді ауданының «Викторовка» ЖШС-нің механизаторларымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар,  Мемлекет басшысы Ақмола,  Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы мен дамуының перспективаларын талқылайды деп күтілуде.