"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ресейлік әйелден 50 оқ табылды . - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ресейлік әйелден 50 оқ табылды .

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ресейлік әйелден 50 оқ табылды .

[wpcode id="1694287"] Ресейлік азаматша 50 оқты заңсыз алып өткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық

  • 23 Тамыз 2017
  • 233
Фото - Caravan.kz


Ресейлік азаматша 50 оқты заңсыз алып өткені үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей азаматшасы Санкт-Петербургке ұшпақшы болып елордадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде өзімен бірге аң аулайтын қаруға арналған 50 оқ алып өтпекші болған. Олар тексеріс кезінде тәркіленді. Оқтар әйелдің сөмкесінде болған", — делінген хабарламада. Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының шешімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 286-баптың 1 және 1-бөліктері бойынша ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") айыпты деп танылды. Ресейлік азаматшаға 600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 361 400 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.