Нұрсұлтан Назарбаев мектеп оқушыларына әлеуметтік желілерге уақыт шығындағанша, көбірек кітап оқуға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев мектеп оқушыларына әлеуметтік желілерге уақыт шығындағанша, көбірек кітап оқуға кеңес берді

Нұрсұлтан Назарбаев мектеп оқушыларына әлеуметтік желілерге уақыт шығындағанша, көбірек кітап оқуға кеңес берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мектеп оқушыларын уақытын әлеуметтік желілерге шығындамай, көбірек оқуға шақырды.
           «Кітап оқитын адамдар бар, компьютердің алдында отыратындар бар. Болашақта компьютердің алдында отыратындар кітап оқитындарға қызмет етеді», - деді ол сейсенбі күні Астанадағы мектеп түлектеріне арнап өткізілген отансүйгіштік сабағында.
           «Мен сендерге Твиттер сынды басқа да әлеуметтік желілерде көп отырмауға кеңес берер едім. Адамдармен араласу қажет, интернет арқылы адал дос таба алмайсың», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
           Оның айтуынша, «адаммен араласқанда оның көзіне қарайсың, эмоциясын, оның сенімен қалай сөйлесіп отырғанын сезінесің».
           «Бір-біріңмен көбірек достасып, әңгімелесуге тырысыңдар. Компьютердің алдынан шықпайтын адам түптеп келгенде жалғыз қалады», - деп қорытты Н.Назарбаев.
           Сабақ барысында президент түлектерге мемлекеттік рәміздердің маңызы мен елорданың құрылуына қатысты әңгімелеп берді. Сабаққа биылғы оқу жылының түлектері – қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған, оқу озаттары қатысты. Олар елбасына сұрақтар қойды.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 742
Фото - Caravan.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мектеп оқушыларын уақытын әлеуметтік желілерге шығындамай, көбірек оқуға шақырды.

           «Кітап оқитын адамдар бар, компьютердің алдында отыратындар бар. Болашақта компьютердің алдында отыратындар кітап оқитындарға қызмет етеді», — деді ол сейсенбі күні Астанадағы мектеп түлектеріне арнап өткізілген отансүйгіштік сабағында.
           «Мен сендерге Твиттер сынды басқа да әлеуметтік желілерде көп отырмауға кеңес берер едім. Адамдармен араласу қажет, интернет арқылы адал дос таба алмайсың», — деп атап өтті мемлекет басшысы.
           Оның айтуынша, «адаммен араласқанда оның көзіне қарайсың, эмоциясын, оның сенімен қалай сөйлесіп отырғанын сезінесің».
           «Бір-біріңмен көбірек достасып, әңгімелесуге тырысыңдар. Компьютердің алдынан шықпайтын адам түптеп келгенде жалғыз қалады», — деп қорытты Н.Назарбаев.