деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Н.Назарбаев бұл ақшаны Қытай тарапынан берілген «Жібек жолы» сыйлығының гонорары ретінде алған болатын.
«Бұл қаражат барлық проблеманы шешіп бермейді, әрине. Бірақ бұл біздің қоғамымызға үлгі болып, оның қайырымдылыққа бет бұруына ықпал етеді. Біз түпкі мәні бір-біріне, әсіресе, балаларға қамқорлық жасауға негізделген Наурыз мерекесі қарсаңында кездесіп отырмыз», — деді Н.Назарбаев «Ерікті қайырымдылық қоғам» қорының директоры Аружан Сайын мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевпен кездесуде.