Жарияланды: 30

Нұр-Сұлтан қаласында тағы 2 адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан қаласында тағы 2 адам коронавирус жұқтырды Сурет - Tengrinews.kz

Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 09.00 сағ. жағдай туралы ақпарат келіп түсті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылған болатын. Ал бүгін коронавирус Қарағанды қаласының тұрғынан анықталған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін