Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

 

  • 9 Ақпан 2021
  • 33
Фото - Caravan.kz

Нұр-Сұлтанда Сарыарқа даңғылындағы көпірден секірмек болған ер адамды полицейлер құтқарып қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Кеше сағат 23.46-да "102" пультіне Сарыарқа даңғылындағы көпірдің таянышында ер адам отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің инспекторлары Жандос Тұрашев пен Жақсылық Қарабаев барды.

Онда полицейлер көпірден аяғын шығарып, секірейін деп отырған ер адамды көрді. Жағдайды бағалаған соң, инспекторлар дұрыс сөз тауып, оның назарын аудара білді. Полицейлер ер адамға жеткілікті қашықтыққа жақындағанда оны жылдам ұстап, тротуарға сүйреп шығарды, — деп хабарлады құқық қорғаушылар.

33 жастағы астаналық мас болған. Ол неге мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр. Ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді, омен психологтар жұмыс істеді.


 

Соңғы жаңалықтар