Нью-Йорк соты қазақстандық шенеуніктерден ұрланған электронды жазбаларды жариялауға тыйым салуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорк соты қазақстандық шенеуніктерден ұрланған электронды жазбаларды жариялауға тыйым салуда

Нью-Йорк соты қазақстандық шенеуніктерден ұрланған электронды жазбаларды жариялауға тыйым салуда

Нью-Йорк штатының соты қазақстандық биліктің арызына орай,  13 наурыз күні алдын ала шешім шығарды, онда қазақстандық шенеуніктердің компьютерлерін бұзу арқылы алынған өзара хат алысуды жариялауға хакерлерге тыйым салынған.

  • 16 Наурыз 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz


Бұйрық АҚШ федералды заңдарына орай шығарылған, онда қылмыстық және азаматтық жауапкершілік көзделген, делінген дүйсенбіде Қазақстан әділет министрлігінен таралған ақпаратта.
Әділет министрлігінің мәліметтеріне қарағанда,2015 жылы қаңтар айында кейбір шетелдік веб-сайттарда халықаралық заңгерлік фирмалармен арадағы электронды хаттарда мазмұндалған ақпараттың санкциясыз жария етілу фактісі анықталған.
Қазақстан әділет министрлігі республиканың шетелдік сот талқыларында мүдделерін қорғайды. Бұл міндетін орындау аясында әділет министрлігі халықаралық заңгерлік фирмалардың қызметін де пайдаланады.
Әңгіме мыңдаған хаттар жайында болып отыр, оның ішінде Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мен әділет министрлігінің жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың нью-йорктық заңгерлік контораға жолдаған хаттары да бар сыңайлы.