Нью-Йоркте әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йоркте әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды

Нью-Йоркте әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды

Бейсенбі күні Нью-Йорк қаласындағы Төменгі Манхэттен ауданында Дүниежүзілік сауда орталығының жанында орналасқан әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды.

  • 4 Наурыз 2016
  • 459
Фото - Caravan.kz

Стансаның құрылысына 4 млрд. АҚШ доллары жұмсалған — бұл бастапқыда қарастырылған сомадан екі есе дерлік көп. Forbes журналының атап өтуінше, бұл әлемде осындай құрылыстар үшін рекордтық сома болып табылады. Шыны мен бетоннан жасалған ескерткіш құрылысының сәулетшісі — Испанияның  суретші-футуристі Сантьяго Калатрава. Оның идеясы жаңа транзиттік тораптың үстіндегі ғимараттың шатырын үлкен ақ құстың қанатына ұқсас ету болған.

Жаңа көлік торабы метрополитеннің 11 желісін, қала маңындағы пойыз стансасын және Бэттери-саябақтың паромдық өткелін қосып отыр. Сондай-ақ күніне 250 мыңға жуық жолаушыға қызмет ететіні шамалануда. Қала билігінің жоспары бойынша ол Америкадағы ең қолайлы және қауіпсіз стансалардың біріне әрі Манхэттеннің жаңа және өзіндік ерекшелігі бар әдемі орнына айналады.