Обама 5 млн. мигрантты заңдастыруға уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама 5 млн. мигрантты заңдастыруға уәде берді

Обама 5 млн. мигрантты заңдастыруға уәде берді

АҚШ президенті Барак Обама 5 млн. заңсыз мигранттарға уақытша құқықтық мәртебе беруге ниетті екенін мәлімдеді.

  • 21 Қараша 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

Бірінші кезекте бұған балалары АҚШ-та туған ата-аналар мен АҚШ-та кемінде 5 жылдан бері тұратын мигранттар ілігеді, деп жазады Би-би-си.

Обама телеарнада сөйлеген сөзінде заңдастырылуға жататын мұндай шетелдік азматтардың салық төлейтінін және өткен өмірінде қылмысқа қатысты әрекеттері болмауы қажет екенін айтты.

Президент егер қылмыскер болса, елден қуылатынын ескертті. Ол  босқындардан құрылған ел басқа босқындарға мүмкіндік беруі тиіс екенін атап өтті.


АҚШ-та 12 миллионнан астам заңсыз мигранттар тұрып жатыр. Олардың көпшілігі Латын Америка елдерінен. Жыл сайын АҚШ-тан 400-ге жуық адам елден шығарылады.