Жарияланды: 300

Оғыз Доған шәкіртін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Оғыз Доған шәкіртін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

Қоғам белсендісі әрі заңгер Айгүл Орынбек ҰҚК-нің төрағасы Кәрім Мәсімовтен қазақ тілін қорғап жүрген түрік азаматы Оғыз Доғанды жіті тексеруді ұсынды. Белгілі заңгер өзінің Facebook-парақшасында түрік журналисінің бірнеше жыл бұрын шәкіртін бопсалап, оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін жазады.

«Түркияның мемлекеттік сайттары, газеттері жазған ақпарат. Өз ұлтының қызын аямаған Оғыз Доған біздің ұлттың қызын, тілін қайтсін? Зерттеу жүргізсең түбінен бастау керек! Өз шәкіртінің тыр жалаңаш суретін "интернетке жариялаймын немесе менімен жыныстық қатыста бол" деп оны шантаж жасаған Оғыз Доған! Қазіргі таңда біздің батыр! Ия тілімді қорғады ғой деп үндемей отырума болар еді. Бірақ, бір заңсыз ұйымға қатысы бар деген соң, елімнің болашағы үшін үнсіз отыра алмадым», - деп жазады түрік сайтының сілтемесімен бөліскен Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар, түркиялық басылымдағы мақалада қылмысы үшін Оғыз Доғанды 22 жыл қамауға алынсын деп жазылған көрінеді.

Айта кетсек, бірер күн бұрын түрік журналисі Оғыз Доған Qazkom банкінің Астанадағы бөлімшесінде болып, ондағы қызметкерлерден қазақ тілінде қызхмет ала алмаған еді. Банк мамандарының ана тілінде сөйле алмағанын видеокамераға түсіріп алған түрік журналисі оларды сотқа беремін деп отыр. Артынша банк басшылығы кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады.

Ұқсас тақырыптар:

Экс-депутат Бердоңғаров қазақ тілін қорғап жүрген Оғыз Доғанды сотқа беруге кеңес берді

«Эйр Астана» қазақ тілі үшін күресіп жүрген Оғыз Доғанның арызы бойынша істі қараусыз қалдыруды сұрады

Air Astana әуе компаниясы Оғыз Доғанға 1 теңге моральдық шығынын төлей алмай жүр

 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін