"Охрана жалдап құтырмасаңдар қолдаймыз": Ел күтпеген жаңалығымен бөліскен Дариға Бадықоваға халық жаппай наразылық танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Охрана жалдап құтырмасаңдар қолдаймыз": Ел күтпеген жаңалығымен бөліскен Дариға Бадықоваға халық жаппай наразылық танытуда

"Охрана жалдап құтырмасаңдар қолдаймыз": Ел күтпеген жаңалығымен бөліскен Дариға Бадықоваға халық жаппай наразылық танытуда

Актриса Дариға Бадықова өзінің продюсерлігімен тағы да фильм түсіргелі жатқанын айтты.

  • 12 Ақпан
  • 2096
Фото - Caravan.kz

Продюсер бұл жаңалығымен Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дариға Бадықова желіге жүктеген видеода актер Олжас Абай екеуі түсірілім алдында құрбандық шалып, құран бағыштағалы жатқанын айтқан.

"Ассалаумағалейкүм, ардақты ағайын. Алла қаласа, арғы күні тағы бір жобамыз басталғалы жатыр. Сол басталуына орай, мұсылмандық парызымызды орындап, құран бағыштап, құрбандық шалдық", — деді актрисаның әріптесі Олжас Абай. 

Продюсердің өзі қалың оқырманынан өзіне сәттілік тілеуін сұраған.

"Әуелі Құдай деп екінші фильмді бастауға бел будық. Құрметті көрермен сәттілік тілеңіздерші. Біз сіздерге тіледік", — деп жазды ол. 

Желі қолданушылары өнер иесіне сәттілік тілеп, одан қарапайым болуын сұраған. 

"Охрана жалдап құтырмасаңдар қолдаймыз", "Сізді көтерген халық, өшіре салатын да халық.  Аспандап кеткен видеоларыңыз тарап жатыр. Бақ көтере білген адамның басынан таймай тұрады", "Сәттілік", "Алла қолдасын", "Мағыналы кино болса болды", "Охранамен жүрмегеніңіз дұрыс-ау", "Комедия емес, драма түсіріңдр", — деп жазды олар.

Айта кету керек, Дариға Бадықованың продюсерлігімен түсірілген "Таптым-ау, сен" фильмі 1,54 млрд касса жинап, кассалық түсім бойынша рекорд орнатып, шетелдік фильмдерді басып озған болатын.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар