Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен ұзақ үндемедім. Қазіргі уақытта мәңгілік… Менің айналамда, менің достарым мен әріптестерімнің балалық шақтарында мұндай ащы естелік болмаған шығар. Ол естелікті түк түсінбейсің, тек қорқасың. Өйткені сен — орыссың, ата-анаң да, көршілерің де орыс. Біреуінің тіпті тамағын кесіп алған кездер болған… Сондықтан біз Қазақстандағы Шымкент қаласынан, Новосибирск қаласының жанындағы Бердск қаласына бәрін тастап, көшіп кеткен болатынбыз. Сол уақытта бүкіл әлемге әйгілі «Perestroika» сөзі осылай аяқталған болатын. Ол кездегі жағдайды теледидардан көрсеткен жоқ, әлеуметтік желі болған жоқ. Енді сол уақыттың жаңғырығы мені ғана емес, бүкіл елді осындай күш-қуатпен жауып, көптеген сұрақтар туғызды, олардың бастысы өмір мен өлім туралы… Осы уақытқа дейін: Неге біз орыстар, қазақтар, украиндар, белорусс, грузиндер бір-бірімізді сонша уақыттан бері жек көріп келеміз? Біздің аталарымыз кезінде бірге соғысқан еді ғой. Бейбітшілік пен өркендиетте өмір сүруге не кедергі?", — деді Павел Прилучный.
Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері ресейлік актердің сөзін жоққа шығарды.
Ресейлік актерге жазған оқырмандардың пікірлері мынадай болды:
Кейін актер инстаграмда пікір жазуды өшіріп тастады.