«Бұл аппарат емдеуге емес, нақты топометрияны айқындауға бағытталған. Бұл ісіктің нақты шекарасын айқындау, оның тереңдігін білу, сәулені сол маңдағы тканьдарға зақым келтірмей қай жағынан бағыттау керектігін айқындауға жәрдемдеседі», — деді О. Құлакеев.
Құны 130 млн теңге тұратын аппарат республикалық бюджет есебінен алынған.
Облыстық онкодиспансердің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында 8 мыңнан астам онкологиялық науқас бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті