Жарияланды: 470

Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғары оқу орнының түлегі Ресей ғылым академиясының алтын медаліне ие болды

Оңтүстік Қазақстан облыстық Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университеті түлегінің ғылыми жұмысы студенттік ғылыми жұмыстардың 14-ші байқауында Ресей ғылым академиясының алтын медаліне лайық деп танылды. Бұл туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінен хабарлады. 22 жастағы Ләйлім Сейдалиева "Нарықтағы белгісіздік ахуалында банк тәуекелін басқару" деген тақырыптағы жұмысын байқауға жолдаған. Онда студент еліміздегі жетекші банктердегі нарықтық ахуалдағы банк тәуекелін басқару тәжірибесіне талдау жасап, оны басқарудың өзіндік әдістерін ұсынған көрінеді. Байқаудың қазылар алқасы тақырыптың күрделілігі мен өзектілігін ескере отырып қыздың жұмысын алтын медальға лайық деп тапты. Сөйтіп Ләйлім Сейдалиева кешікпей Мәскеуге жол тартқалы отыр. Онда түлектің жеңіп алған сыйлығы салтанатты жағдайда табыс етілмек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін