Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық академия бітірген 115 түлек ауылдарға жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық академия бітірген 115 түлек ауылдарға жолдама алды

Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық академия бітірген 115 түлек ауылдарға жолдама алды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 21 тамыз. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық академия бітірген 115 түлек жас мамандарды қолдау бағдарламасына сәйкес ауылдарға жолдама алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің маман іріктеу бөлімінің бастығы Айман Хамзина хабарлады.

  • 21 Тамыз 2007
  • 530
Фото - Caravan.kz



«Жас мамандарға облыс аудандарындағы емдеу-профилактикалық мекемелерге 115 жолдама берілді. Барлығы арнаулы әлеуметтік қоржын бойынша 160 бос орын қарастырылған», — деді А. Хамзина.

Маман іріктеу бөлімінің төрайымының хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық медициналық академияның түлектері болашақ жұмыс орындарын өз бетімен таңдауда. «Біз оларға бар бос жұмыс орындарын көрсетіп, қай жерде дәрігерлер жоқ екенін айтамыз, сосын олар өздері таңдайды», — деді А. Хамзина. Оның айтуынша, облыс орталығына таяу орналасқан аудандарға сұраныс үлкен, дегенмен, жас мамандар шалғай аудандарға да кетіп жатыр. «Созақ ауданына да, Отырар ауданына да баруға ниет білдіргендер табылып жатыр», — деді мамандарды іріктеу бөлімінің төрайымы.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратына сәйкес, өткен жылы медициналық академия бітірген жеті түлек қана ауылдарға кеткен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты арнаулы шешім қабылдап, онда ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің топтамасын қарастырған болатын. Шешім бойынша 100 мың теңге көлемінде бір мәрте материалдық көмек көрсету; айына 10 мың теңгеден аспайтын мөлшерде баспана жалдап алу шығындарын өтеп беру; тарифтық құнның 50% көлемінде коммуналдық төлем шығындарын өтеп беру; жұмыс орны бойынша ауылдық жерлерде баспана сатып алуға тұрғын үй несиесін алуға 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсету көзделген.