Жарияланды: 610

Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедектерді қолдау бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда

Оңтүстік Қазақстан облысында мүгедектерді қолдау бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім бастығы Серғазы Жақсылықовтың хабарламасында айтылған.

Облыстағы мүгедектер тайлы-таяғымен арба-орындықпен қамтамасыз етіліпті. Тек 2003-жылы облыстық бюджет есебінен мүгедектерге арналған 210 орындық-арба сатып алынған. 80-нің сеңгірінен асқан жалғызілік 37 мүгедек жан бюджет есебінен ай сайын зейнетақыға қосымша 900 теңге үстеме ақы алады. Соғыс ардагерлері облыстық мерзімді басылымдарға тегін жазылады. Саңыраулық тақыметін тартқан 577 мүгедек тыңдау аппаратарымен , соқырлықтан зардап шегетін 542 мүгедек арнаулы техникамен қамтамасыз етілді. Протездер, арнаулы ортопедтік етіктер мен корсеттерден тапшылық көретін 600 адам тіркеуге алынып, осы жөніндегі тапсырыс Алматы ортопедтік құралдар мен протез жасау орталығына жолданды. Сондай-ақ, С.Жақсылықовтың айтуынша, мүгедектер мен қарттар сауықтыру орталықтары, дауажайлар мен шипажайларда денсаулығын сауықтырады. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында Ардагерлер үйінде 485 ардагер, "Сарыағаш" дауажайында 244 соғыс ардагері мен мүгедектер, "Шымған" және "Денсаулық" дауажайында 189 адам емделіп қайтқан. Ал Яссауи атындағы клиникада кәсіби сырқатқа шалдыққан 50 адам емделді. Жәрдемге мұқтаж 421 адамға республикалық орталық емдеу мекемелеріне жетуге жолақыдан көмек көрсетілді. Көксерек интернатында тәрбиеленетін 32 мүгедек жасөспірім республикалық "Ақсай" клиникалық балалар ауруханасында емделіп қайтты. Соғыс ардагерлері мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан мүгедектерден құралған 210 адам республикалық клиникалық госпитальда емделіп қайтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть