Жарияланды: 340

Оңтүстік Қазақстан облысында Өзбекстандық есірткі тасымалдаушы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық кеденшілер Өзбекстан азаматынан 800 грамм героин тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Есірткі тасымалдаушы "Абай" кедендік бекетінде ұсталды. Өзбекстаннан келе жатқан еркектің іс-әрекет, қимыл-қозғалысы күдік тудырған соң кеден қызметкерлері оның денесі мен дүниелерін толық тінтіп шығуға шешім қабылдайды. Соның нәтижесінде оның қолындағы полиэтилен дорбадан ақ түсті ұнтақ шықты. Сот-криминалистикалық сараптама қорытындысы тәркіленген заттың героин екенін айғақтады. Тұтқынның айтуынша, бейтаныс біреулер есірткіні 20 мың өзбек сомына (10 өзбек сомы 1 теңгеге тең) Қазақстанға жеткізіп беруді өтініпті-міс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть